Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫ ҚАТАРЫНА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ.
02
июнь
2023

«ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫ ҚАТАРЫНА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ.

Бүгін мектебіміздің 5-сынып оқушылары Әбдуләшім Әлтаир мен Ерубай Інжу Оқушылар сарайында өткен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелігіне салтанатты қабылдау іс-шарасына қатысып қайтты. Жылына екі рет ұйымдастырылатын аталмыш шараға қаламыздың барлық мектептерінен сабақтары үздік, әрі белсенді дейтін оқушылар қатысып, ұйымның ережесіне сай ант қабылдайды. Оқушыларды ұйым қатарына қабылдау рәсіміне «Жас Ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымының қала бойынша төрағасы Бектаев Бауыржан Жаканұлы, «Оқушылар сарайының» көркемдік жетекшісі Егамбердиев Равил және әр ауданның жауапты тұлғалары қатысып, ізгі тілектерін арнап, ұйым қатарына қабылданып жатқан оқушыларға көк галстук пен төсбелгі тақты. Салтанатты шара барысында Оқушылар сарайының талантты оқушылары Рахат   Інжу «Қазақстан, пай-пай...» әнін орындаса, «Арай-Нұрай» дуэты «Қазағым-ай» әнін орындап, жиынның әсерін арттырды. Ел мен жерді, ата-ананы қадірлеп аялауға және оқуда озат, еңбекте адал болуға, бойларында отансүйгіштік, елжандылық секілді қасиеттерді  қалыптастыруды мақсат еткен аталмыш ұйым 2011 жылы Елбасының тапсырмасымен құрылып, бүгінде игі мақсат жолында жұмыс істеп келеді.

Біз де өз тарапымыздан ізгі шараны өткізген ұйымдастырушыларға ризашылық сезімімізді айта отырып, қабылдау рәсіміне қатысқан мектебіміздің үлгілі оқушыларын осынау бір игі қадамдарымен құттықтап, елінің үлкен азаматы бола берулеріне тілектестік білдіреміз.