ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТҚА ҚАТЫСТЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТҚА ҚАТЫСТЫ.
04
май
2023

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТҚА ҚАТЫСТЫ.

     Бүгін мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары барша қазақстандықтарға арналған  «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық іс-шараға қатысып, диктант жазды. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеп, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеуді мақсат еткен аталмыш диктантқа 8-11 –сыныптан – 308 оқушы, 17 педагог қатысып, ізгілікті іс-шараға атсалысты. «Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз. Көк байрағымыз желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтерді» деп керемет жолдармен басталатын диктант 141 сөзден тұрып, әрбір сөз, сөйлемі адамға   патриоттық күш беретін жоғары мазмұндағы мәтіннен құралған. Нәтижесінде біздің мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз аталмыш диктантты аса ынтамен жазып, жалпыұлттық іс-шараға үлестерін қосты.