ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ҚАТЫСТЫ.
Бүгін біздің мектебіміздің домбырашылары «Күй күмбірі» республикалық челленджге қатысты. Сауранбаев көшесіндегі саяжолда ұйымдастырылған бұл іс-шараға 600-ге жуық оқушы, 70 педагог, 20 ата-ана қатысып, Құрманғазының «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқасын» тартып, бүкіл ауданды күймен күмбірлетті. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл челленджге көрермендер жан-жақтан жиналып, керемет шараның куәсі болды. Ұлттың мәдени мұрасын сақтап, қазақтың ғажап ән-күйлері арқылы жас ұрпақты ізгі сезімге тәрбиелеп, патриоттық, елжандылық секілді қасиеттерді қалыптастыруды мақсат еткен іс-шараға дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Үкібай Дүйсен жетекшілік етіп, оқушылардан құралған оркестрді басқарып отырды. Біздің №59 мектеп-гимназиясының оқушылары челленджге белсене қатысып, оркестрмен бірге жоғары деңгейде орындап шықты. Сөйтіп республикалық челленджге үлес қосқан балаларымыз өздерін нағыз өнерпаз, кәсіби орындаушылар екендігін көрсете білді.
