20
апрель
2023
КІТАПХАНАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ТАНЫМДЫҚ САБАҚҚА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
23 сәуір - дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай, сонымен қатар 6-сыныптың “Қазақ тілі” пәнінен 4-тоқсандағы “Әлемдегі ірі кітапханалар” бөлімін пысықтау үшін, әрі кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 6 “Ә” сынып оқушылары Түрксіб ауданында орналасқан №1 орталық балалар кітапханасында ұйымдастырылған танымдық сабаққа барып қайтты.
Оқушылар кітапхана залдарымен, мерейтой иелеріне арналған бұрыштармен танысып, Марат Қабанбайға арналған кітап көрмесін тамашалап, өткен сыныпта оқыған “Бауыр” әңгімесін талқылады.
Жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Жабаева Кульбаршин Мырзабековна, Торғанбеков Асан Ержанұлы.
