ЕСКЕРТКІШТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСЫП ҚАЙТТЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЕСКЕРТКІШТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСЫП ҚАЙТТЫ.
18
апрель
2023

ЕСКЕРТКІШТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСЫП ҚАЙТТЫ.

     Бүгін біздің мектебіміздің 6-сынып оқушылары аудандық №1 Балалар кітапханасына барып, Ескерткіштер күніне арналған танымдық сабаққа қатысып қайтты. Іс-шараны кітапхана қызметкерлері Бектур Өтепқызы мен Сюзана Уалиханқызы жүргізіп, кітапханада ұйымдастырылған көрмемен таныстырып, тарихи ескерткіштерге арналған кітаптарды көрсетті. Балаларға Қазақстандағы тарихи ескерткіштер туралы баяндама оқып, сұрақтар қойып, ойындар ұйымдастырды. 

Жалпы 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні болы саналады. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес бекіткен болатын Сөйтіп 1984 жылдан бері бұл күн Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні ретінде аталып өтіледі. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. 

Балаларды іс-шараға қатыстырып, жауапты болған- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, аға тәлімгер Қанат Әбдіманапұлы.