ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУЫ БОЛДЫ.
Бүгін таңертең мектебімізде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігінің ашылу салтанаты болды. Атантаева Бұлбұлқұс Әбілғазықызының «Домбырашылар тобы» «Адай» мен «Балбырауын» күйлерін орындап, онкүндіктің ашылуын жақсы көңіл-күймен бастап берді. Салтанатты ашылуында ұлт жазушыларының суреттері мен ана тілімізге байланысты қанатты сөздері, көрнекіліктер, плакаттар, арнайы бейнефильм көрсетіліп, көрермендерге ұсынылды. Сондай-ақ он күн бойы атқарылатын шаралар мен өткізілетін ашық сабақтардың жоспары жария етілді. Кафедра жетекшісі Ахметова Хабира Берікболқызы барша мектеп мұғалімдерін 1 Наурыз «Алғыс күнімен» құттықтай отырып, мерекемен тұспа-тұс келген онкүндікке белсене қатысуға шақырды. Мектеп директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы өз кезегінде кафедра мүшелеріне сәттілік тілей отырып, жоғары деңгейде атқарып шығуларына тілектестік білдірді.
