1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай №10 кітапханада "Қарттар -
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай №10 кітапханада "Қарттар - халықтың алтын қазынасы" атты тағылымды іс-шараға 7 "В" сынып оқушылары қатысты. Шараға ардақты қонағы - ұстаз, қоғам және мәдениет қайраткері, "Халық ағарту ісінің үздігі", "Мәдениет майталманы" төсбелгілердің иегері Бота Керейқұлова келіп, жас ұрпақпен жүздесті. Ол оқушыларға өмірлік ақыл-кеңесін айтып, ұлттық дәстүр мен құндылықтар жайлы тәлімді әңгіме өрбітті. Сонымен қатар "Тең" қоғамының жетекшісі Кенже Құдайбергенұлы