Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай №10 кітапханада "Қарттар - халықтың алтын қазынасы" атты тағылымды іс-шараға 7 "В" сынып оқушылары қатысты.
01
октябрь
2025

1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай №10 кітапханада "Қарттар - халықтың алтын қазынасы" атты тағылымды іс-шараға 7 "В" сынып оқушылары қатысты.

1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай №10 кітапханада "Қарттар - халықтың алтын қазынасы" атты тағылымды іс-шараға 7 "В" сынып оқушылары қатысты. 
Шараға ардақты қонағы -  ұстаз, қоғам және мәдениет қайраткері, "Халық ағарту ісінің үздігі", "Мәдениет майталманы" төсбелгілердің иегері Бота Керейқұлова келіп, жас ұрпақпен жүздесті. Ол оқушыларға өмірлік ақыл-кеңесін айтып, ұлттық дәстүр мен құндылықтар жайлы тәлімді әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар "Тең" қоғамының жетекшісі Кенже Құдайбергенұлы қатысып, оқушыларға өнегелі ойларымен бөлісіп, тағылымды сөз сөйледі.

Қария - елдің қазынасы, жастарға үлгі, өнеге. Осындай кездесулер жас ұрпақтың бойына ізгілік пен мейірім дәнін себері анық.

Кездесу соңында әуезді ән шырқап, жас буынға ақ баталарын берді.