Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
17
март
2025

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Мерекелік күнтізбеге сәйкес 17 Наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып бекітілген. Соған сәйкес Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі. №1 Балалар кітапханасы бөлімшесінің меңгерушісі Суранчиева Жазира Куанышбайқызы мен №59 мектеп-гимназия кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна әрі 8А сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Хуан Жадыра “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” тақырыбында іс-шара өткізді.

Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, төл мәдениетіміздің алтын арқауы, ұлттық ұстанымын насихаттау. Асыл қазынамызды қайта жаңғыртып, жалпы халықтық сипат алуына ден қою, жас ұрпақтың бойына сіңіру, ұлт құндылығын насихаттау. Әдет-ғұрып салтымызды бүгінгі заманауи бағытта тұпнұсқаға сай мән-мазмұны, шығу тарихы, дамыту жолдарын саралап, қайта жаңғырған бай қазынамызға айналдыру.