23
апрель
2025
Әдеби кездесу
23.04.2025ж. Кітапханамызда 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Есей Жеңісұлының «Көкжиектің арғы жағы – Әлем» атты жыр жинағына арналған әдеби, ревю, поэзия кеші өтті.
Кешіміздің құрметті қонағы Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, бірнеше Республикалық жыр мүшәйрасының, «Дарабоз» балаларға арналған шығармалар бәйгесінің жүлдегері, «Ақжелке» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы.
Іс-шараға №59 мектеп-гимназия оқушылары, Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия -интернатының оқушылары мен Марат Оразаев атындағы жеке өнер мектебі, Алматы қаласы Білім басқармасы №6 оқушылар үйінің өнерпаздары қатысты.
Поэзия кешінде оқырмандар автордың өлең жырларын мәнерлеп оқыды. Жеңімпаздар жүлделі орынға ие болды.
Өнерпаздар әсем әнмен, тәтті күймен кешіміздің салтанатты өтуіне өз үлестерін қосты.
Есей Жеңісұлы әрбір оқылған өлеңіне жеке тоқталып, оның шығу тариқы мен себеп салдарын оқырманға түсіндірді.
Оқыған адамның күні қашанда жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты ғана өткізу емес, сонымен қатар тұлға болып қалыптасуға орасаң зор көмегі тиетінін, өте пайдалы іс екенін оқырманға түсіндірді. Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрппаққа кітап арқылы таратады. Кітап оқудың пйдасы туралы көптеген кеңесін айтып берді. Оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Кітапханашы елімізде алғаш аталып өтілген 23 сәуір -Ұлттық кітап күні мерекесімен оқырмандарды құтықтап «Кітапқұмарлық – жақсы қасиет» атты кітап көрмесімен таныстырып, шолу жасады.
Поэзия кешіне қатысушылардың біріне Ұлттық кітап күні кітаптар сыйлыққа берілді.
Мақсаты: Жаппай кітап оқитын ұлт болу үшін жас оқырмандарды кітап оқуға баулу. Кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітап арқылы білімді, мейрімді, төзімді, ақылды, парасатты азамат болатындарын ұғындыру.
Іс- шараға 40 оқушы, 5 ұстаз қатысты. Барлығы : 45 оқырман.