Сәт сапар саған, жас түлек! » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Версия для
слабовидиящих
» » Сәт сапар саған, жас түлек!
17
май
2022

Сәт сапар саған, жас түлек!

        

            Бүгін мектебіміздің мәжіліс залында 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты мерекелік кеш өтті. Арнайы ұйымдастырылған, әсемделіп, көркемделген бұл кеш мектеп бітіргелі жатқан 11-сынып оқушыларына арналып, құрмет-ілтипат көрсету, үлкен өмірдегі ізгі қадамдарына тілектестік білдіру мақсатында өтті. Кеш әсерлі өтіп, 10 «Ә» сынып оқушылары Базарова Дана мен Жапархан Ерасыл жүргізіп, қалжың, көңіл көтеру мақсатында викториналық сұрақтар қойылып, бітіруші түлектерді сергітіп, барынша көңілді өткізуге тырысты. 10-сыныптың домбырашы оқушылары «Балбырауынды» орындап, күй құдіретін сезіндірсе,  10 «Б» сынып оқушылары Дүйсенбай Ақжан мен Әліжан Альфия сынып жетекшілері Бектұрсынова Ұмсынай Жандарбекқызымен «Ұстазға» әнін орындап, көрермендердің көңілдерін бір серпітіп тастады.  Сондай-ақ мектеп түлегі, «Той Думан» радиосының жүргізушісі Мадияр Болатұлы құттықтау сөзін жеткізді. Арнайы сахналық қойылымдар қойылып, 10-сынып оқушылары «Бақыт деген...» әндері кешті тіпті әсерлендіріп жіберді. Демалышева Анар деген өнерлі қызымыз гитарамен өлеңді де айтып, мектеп түлектеріне деген арнауын да домбырамен жыраулар секілді әуелетіп тұрып жеткізді. Кеш соңында мектеп түлектеріне ата-аналар тарапынан ұйымдастырылған сый-сыяпаттарды жетекші мұғалімдері Гүлбану Құдайбергенқызы мен Маржан Құсайынқызы табыстап, сәттілік тілеп, естелікке суретке түсіп, мектеп басшысы Айжан Тойбекқызының сөзімен қорытындыланды. Өз тарапымыздан 10-сынып оқушыларына, жетекшілеріне және ұйымдастырудың басы-қасында жүрген Ибраимова Бақыт Тасболатқызына ризашылық сезімдерімізді білдіреміз.