Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай әдеби кеш өтті. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Версия для
слабовидиящих
» » Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай әдеби кеш өтті.
22
апрель
2022

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай әдеби кеш өтті.

      Мектебіміздің мәжіліс залында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен әдеби кеш ұйымдастырылды. Кештің бірінші бөлімінде оқушылар ұлы ғалымның ғылыми еңбектері мен әдеби мұралары, сондай-ақ өмір жолы туралы сөз сөйлеп, өлеңдерін нақышына келтіре орындады. 10-сыныптың өнерпаз оқушылары домбырамен «Ерке сылқым» күйін орындап, кештің сәнін келтірсе, 8-сыныптың оқушылары Ахаңның «Екі жирен» атты әнін айтып, көрермендерді тәнті етті.   Кешке Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты Ахметтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, РhD докторы Бияздықова Әлия Әлімбекқызы және ОКЖ Алматы қаласы №26 кітапхана меңгерушісі Апсалыкова Светлана Жамелқызы қатысып, оқушылармен мәнді де мағыналы кездесудің өтуіне ұйытқы болды. Ахметтанушы ғалым Әлия Әлімбекқызы кештің екінші бөлімінде Ахмет Байтұрсынов туралы кеңірек әңгіме айтып, тың деректерімен бөлісті. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Светлана Жамелқызы Алаш көсеміне арнап кітап көрмесін ұйымдастырып, балаларға таныстырылымын жасады.  Кеш соңында аталмыш кездесуді ұйымдастыруға ұйытқы болған мектебіміздің ұлағатты ұстазы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Жабаева Гүлбаршын Мырзабекқызы сөз сөйлеп, Ахметтанушы ғалымға сый-сияпатын жасап, келген қонақтарға алғысын білдірді.