«Жұлдызды сәт» байқауы өтті. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Версия для
слабовидиящих
» » «Жұлдызды сәт» байқауы өтті.
12
май
2022

«Жұлдызды сәт» байқауы өтті.

         

       «Алматы БалаFEST»  фестивалі аясында бүгін мәжіліс залында «Жұлдызды сәт» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Мектебіміздің өнерпаз жастары үш топ бойынша (кіші топ, орта топ, үлкен топ) өнер көрсетіп, ән айтудағы қабілеттерін ортаға салды. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерден құралған қазылар алқасы байқау барысына төрелік етіп, ең үздік өнер көрсеткен талантты балаларды іріктеді. Байқау барысында музыка пәні мұғалімі Атантаева Бұлбұлқұс Әбілғазықызының домбырашылар тобы «Балбырауын», «Адай» күйлерін орындап, кештің әсерін арттырды.  Конкурстың нәтижесінде кіші топтан «Сандуғаш» әнін орындап, жоғары балл алған Қанағат Інжу, орта топтан «Атамекен» әнімен Умирзаков Жандос, үлкен топтан «Дариға-дәурен» әнін орындап, керемет өнер көрсеткен Жолдас Дінмұхамед бірінші орындарға ие болып, аудандық кезеңге жолдама алды. Шараны ұйымдастырушы: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха.