«Кел, шырқайық!» ән айту байқауы өтті. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Версия для
слабовидиящих
» » «Кел, шырқайық!» ән айту байқауы өтті.
11
май
2022

«Кел, шырқайық!» ән айту байқауы өтті.

     

  Жаның рахатқа бөленсін, айналаң қуанышқа толы болсын десең, ән сал. Музыка, ән - көңілді жадыратады. Өмірді қызықты, қызулы қып өткізуге жәрдемдеседі, қамыққан көңілді көтереді. Ән, әсіресе халық әні, рухани дүниелерге тамыр тартатын музыкалар – шаршау-шалдығудан арылтып, өмірге деген құлшынысыңды арттыратын бірден бір ем. Міне, сондықтан да музыканы – күллі өнер ішіндегі ең құдіреттісі деп бекер айтпаған да шығар. 

Иә, осындай қасиетті өнердің құдіретін танытып жүрген музыка пәні мұғалімі Алибекова Ләйлім бүгін Эстетика пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында «Кел, шырқайық!» атты мұғалімдер арасында караокемен ән айтудан сайыс ұйымдастырды. Сайысқа мектеп мұғалімдері қызыға қатысып, ән айтудағы өнерлерін ортаға салды. Әсіресе кеңінен танымал халық әндері мен белгілі композиторлардың: «Куә бол», «Әппақ гүлдер», «Армандастар», «Арыс жағасында» секілді әндері шырқалып, көрерменге лық толы залды керемет әсерге бөледі. Физика пәні мұғалімі Хасен Зәру қонақтарды таң қалдырып, қытай тілінде «Достар» әнін орындады. Өте көңілді өткен сайыстың нәтижесінде денешынықтыру пәні мұғалімі Байсымаков Олжас Серікұлы «Ауылға барам» әнімен бас жүлдеге ие болып, ән айтудағы өнерімен бәрін басып озды. Бірінші орынды ардагер-ұстаз Нұрғасқаева Жанат Құдышқызы, физик Хасен Зәру, жас маман Перизат Айдарқызы бөлісті.   Тартысты байқауға қатысқан барлық мұғалімдер ескерусіз қалмай, жүлделі орындарға ие болып, грамота, сый-сыяпаттармен марапатталды. Осындай сергіту сайысын ұйымдастырған Алибекова Ләйлім апайға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрғасқаева Жанат Құдышқызы алғысын айтып, ризашылық сезімдерін білдірді.