«Менің таңдауым – химия. Ал сенің таңдауың?!» атты кеш өтті. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Версия для
слабовидиящих
» » «Менің таңдауым – химия. Ал сенің таңдауың?!» атты кеш өтті.
26
апрель
2022

«Менің таңдауым – химия. Ал сенің таңдауың?!» атты кеш өтті.

         Бүгін Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің 3-курс студенттері мектептегі практикалық іс-тәжірибелерінің аяқталуына байланысты  мектептің мәжіліс залында «Менің таңдауым – химия. Ал сенің таңдауың?!» деген тақырыпта қорытынды кеш ұйымдастырды. Түрлі-түсті шарлармен безендіріліп, плакат, баннерлермен әсемделген кешке университет ұстаздары мен жетекшілері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысып, қызықты қойылымдар мен химиялық эксперименттерге, өнерпаз жастардың өнерлеріне куә болды. Мектеп оқушылары тапсырылған постерлерді қорғап, химиялық білімдері мен танымдарын ортаға салды. Әртүрлі элементтердің бір-бірімен әрекеттесуі мен байланысын, нәтижелерін іс-тәжірибе негізінде көрсетті. Абай атындағы университеттің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсымбекұлы және  ұстаз-ғалым Қорғанбаева Жанар Қожамбердіқызы өз кезегінде оқушылардың білімдеріне риза болып, кешті ұйымдастырған практикант-студенттерге, мектеп әкімшілігіне алғыс сезімдерін білдіріп, ойларымен бөлісті. Үздік деп танылған оқушыларға грамота табыстады. Қорытынды сөзді мектебіміздің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрғасқаева Жанат Құдышқызы алып, кешті ұйымдастырған студенттерге ризашылығын білдіріп, жетекші ұстаздарына, келген қонақтарға алғысын айтты.