Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәрбие сағаты
27
ноябрь
2018
Тәрбие сағаты
27.11.2018ж. мектеп оқушыларына сынып сағаттарында «Мемлекеттік нышандар» тақырыбында сабақтар өткізілді. Оқушылар интербелсенді тақталармен жұмыс жасау арқылы көптеген мәліметтермен өзара ой бөлісті.          
Лездеме
27
ноябрь
2018
Лездеме
26.11.2018ж. «Мен елімнің ұланымын» тақырыбында лездеме өткізілді. Лездемеде оқушылар апталық қортыныды жасап, апта қорытындысында жетістікке жеткен оқушылар марапатталды.               
2019-2021 жылдарға арналған ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
26
ноябрь
2018
2019-2021 жылдарға арналған ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
26.11.2018ж. мектеп ұжымын кәсіподақ ұйымының басшысы Заманбекова Г. 2019-2021 жылдарға арналған ҰЖЫМДЫҚ ШАРТПЕН таныстырды.         
Әдеби кеш
25
ноябрь
2018
Әдеби кеш
Ағартушы ақын , жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармасы « Қамар Сұлу » романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті .                
«KASIP FEST» фестивалі
24
ноябрь
2018
«KASIP FEST» фестивалі
24.11.2018ж. Алматы Аренада 11-сынып оқушыларына арналған кәсіп таңдауға көмек ретінде « KASIP FEST » фестивалі өтті. №59 мектеп-гимназия оқушылары қатысып, 11 «Ә» сынып оқушысы Кульбаева Аружан фестиваль барысында жүргізілген ойыннан смартфон ұтысына ие болды.                      
"Әкем және мен" спорттық жарысы
23
ноябрь
2018
"Әкем және мен" спорттық жарысы
  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру мақсатында 24.11.2018ж. №59 мектеп-гимназиясының  1-сыныптар арасында «Әкем және мен» командалық спорттық жарысы өткізілді. Жарыс өте әсерлі, қызықты өтті. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен медальдармен марапатталды.                             
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
23
ноябрь
2018
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Мектебіміздің бұлбұлы атанған оқушымыз Асым Балауса Астана қаласында өткізілген "Республикалық әскери әндер" байқауына қатысып, үлкен марапатқа ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!!!      
Ағылшын тілі пәні апталығы
22
ноябрь
2018
Ағылшын тілі пәні апталығы
   2018-2019 оқу жылының 12-22 қараша аралығында «Ағылшын тілі біздің айналамызда» атты ағылшын тілі пәні апталығы өтті. Апталық аясында оқушылар ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Апталық аясында пән мұғалімдері ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шара және сайыстар өткізді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды.