140-ҚА ЖУЫҚ ӘДЕБИ КІТАПТАР ТҮСКЕН. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 140-ҚА ЖУЫҚ ӘДЕБИ КІТАПТАР ТҮСКЕН.
18
январь
2023

140-ҚА ЖУЫҚ ӘДЕБИ КІТАПТАР ТҮСКЕН.

     Өткен жылы біздің мектебіміздің кітапханасына 140-қа жуық әртүрлі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әдеби кітаптар түскен болатын. Сапасы жоғары, «InterPress Distribution»ЖШС, «Steppe&Word» ЖШС, «Алматыкітап» секілді белгілі баспалардан басылып шыққан кітаптар мектеп кітапханасының қорын көбейтіп, оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыратындай барлық жағдай туғызылған-тын. Абайдың «Қара сөздерінен» бастап, әлемге белгілі «Гарри Поттер», «Ньют Скамандер», Бард Бидлдің ертегілері», «Ғажайып Ракель» секілді балалардың қызығып құштарлана оқитын кітаптары біздің кітапханамыздың сөресінен орын алды. Бұл біздің «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асуына да барынша жасалынған қолдау болып табылды. Мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна өз кезегінде әрбір жаңадан түскен кітаптарды балаларға таныстырып, оқырмандар конференциясы мен әдеби кештерді ұйымдастырып, кеңінен насихаттап отырды. Енді бұл кітаптар балаларымыздың рухани азығына айналып, игілігіне жұмсала берсін деген ізгі тілегіміз бар. Мектеп кітапханасы әрдайым оқушыларымыздың жан дүниесін байытып, білімді азаматтарды қалыптастыруға қызмет жасай беретін болады.