Оқушылар ББЖМ бойынша байқау тестілеуін тапсырды. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушылар ББЖМ бойынша байқау тестілеуін тапсырды.
26
март
2022

Оқушылар ББЖМ бойынша байқау тестілеуін тапсырды.

 Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ(білім алушылардың білім жетістігін монитрингілеу) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында өткізілетін сынаққа дайындық барысында 26.03.2022 күні 9-сынып оқушылары ББЖМ бойынша байқау тестілеуін тапсырды. 
Сынақ www.testcenter.kz сайтында тапсырды.

ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізілді.
9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:  
Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 2 контекст негізінде 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. 
Тестті орындау уақыты – 150 минут (2  сағат 30 минут).

Похожие публикации:

09 декабрь 2021 Хабарландыру !
02 август 2021 ХАБАРЛАНДЫРУ❗
29 январь 2021 Жарайсыз !
17 октябрь 2015 Мектеп тарихы