Брейнг-ринг » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2016

Брейнг-ринг

ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған брейнг-ринг

 

2016 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жоғарғы оқу орындары студенттері мен Түрксіб ауданфнфң мектеп оқушыларының арасында «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны өткізілді.

Брейн-рингтің мақсаты - Қазақстан Республикасының заңнамаларын шолу, мемлекеттік рәміздердің насихаттау, сондай-ақ студенттер мен оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін іске асыру арқылы жасөспірімдердің тынығу жұмысының нысаны ретінде зияткерлік ойындарды насихаттау.

Дүбірлі дода 4 кезеңге бөлініп өткізілді: сәлемдесу, сұрақ-жауап және видео тапсырма, капитандар конкурсы. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған зияткерлік байқауға Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Азаматтық авиация академиясы жанындағы колледж бен №1 қазақ мемлекеттік педагогикалық колледжінің «Болашақ» командасымен №59 мектеп-гимназиясы мен №115 ЖББМ  оқушыларынан құралған «Жас Ұлан» командалары финалда кездесті.

Қызыққа толы ойында, 1- орынды «Жас Ұлан» командасы жеңіп алды, 2 - орынды «Болашақ» командасы иеленді. Әрбір команданың мүшесі жоғары дайындығымен өз оқу орнының лайықты да білімді шәкірті екендігін дәлелдеді.

Ойынның қорытындылары бойынша барлық қатысушылар өз белсенділігі үшін үшін алғыс хаттармен, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

 

 Брейнг-ринг
Брейнг-ринг
Брейнг-ринг
Брейнг-ринг
Брейнг-ринг

 

 

Похожие публикации:

09 март 2016 КТК ойындары
17 октябрь 2015 Мектеп тарихы