Алма-Арасандағы демалыс » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алма-Арасандағы демалыс
23
август
2022

Алма-Арасандағы демалыс

         Мектеп-гимназиямыздың 10-сынып оқушылары сынып жетекшісі Ахметова Хабира Берікболқызымен бірлесіп, Алматының ең көрікті жерлерінің бірі – Алма-Арасанға барып қайтты. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, ұстаздарымен бірге табиғат аясына шығып қайтудың өзі балалар үшін естен кетпес жылы сәттер сыйлайтын керемет саяхаттар емес пе?.. Нағыз ұстаз ғана баланың оқуын ғана емес, демалысын да дұрыс ұйымдастыруға түрткі болып жатады. Ішкі сұраныстарын тап басып, ізгі шараларға бағыттай біледі. Әріптесіміз Хабира Берікболқызы ұлағатты жан, білгір психолог, шебер ұйымдастырушы ретінде балалардың бойында ізгі қасиеттердің қалыптасуына әрдайым ұйытқы болып жүретін кәсіби маман. Сонысымен оқушылар арасында да, мұғалімдер арасында да сыйлы, қадірлі... Оқушыларға жетекшілері ұйымдастырған бұл демалыс та жақсы әсер қалдырып, ұмытылмастай естеліктер сыйлады.