БІЗДІҢ БАЛАЛАР «ТАУ ЖАҢАШАР» САЯЖАЙЫНДА » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЗДІҢ БАЛАЛАР «ТАУ ЖАҢАШАР» САЯЖАЙЫНДА
25
июль
2022

БІЗДІҢ БАЛАЛАР «ТАУ ЖАҢАШАР» САЯЖАЙЫНДА

Балалардың жазғы демалыстарын пайдалы етіп ұйымдастыру- қазіргі білім саласы алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе ата-аналардың аз қамтылған, жетім, толық емес, көпбалалы отбасы балалары үшін қолдау көрсетіп, қала сыртындағы саяжайлар мен лагерьлерде демалуына жағдайлар жасау, мүмкіндіктер беру аса маңызды. Осыған байланысты біздің №59 мектеп-гимназиясының 18 оқушысына қала сыртындағы «Тау Жаңашар» лагеріне жолдама бөлініп, шілденің 20-ы мен 30-ы аралығында саяжайда көңілді демалыстарын өткізуіне мүмкіндіктер берілді. Күнделікті төрт мезгіл ыстық тамақтары мен табиғат аясындағы серуендеулер, спорттық, эстафеталық сайыстар мен жүзуге арналған бассейндер, әртүрлі концерттік қойылымдар балалардың физикалық, психологиялық тұрғыдан жақсы әсер етіп, денсаулықтарын нығайтып, рухани дамуына елеулі ықпал етуде. Әрбір күн балаларға естен кетпес сәттер сыйлап, жадыраған жаздың рахаты мен қуанышын барынша көруде.