САРҚЫРАМА АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » САРҚЫРАМА АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС
28
июль
2022

САРҚЫРАМА АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС

Біздің балалар кеше Алатау баурайындағы ен танымал сарқырамалардың бірі – «Медвежий водопадта» болып қайтты. Жер жәннаты Жетісудің ғажап жерлерін көру, таудан сарқырап аққан мөлдір таза суды тамашалау кімге болса да үлкен қуаныш, ерекше рахат сыйлайтын саяхаттар ғой. Балалар осынау бір әдемі жерлерге барып, сұлу көріністерді көріп, рахаттана күліп, ата-ана, достарына хабарласып, суреттерін жіберіп, мәз-мейрам болып қайтты. Біз де балалардың қуанышына қуанысып, табиғаттың керемет жерлеріне саяхатты ұйымдастырған саяжай қызметкерлеріне дән риза болыстық. Табиғат аясы, сұлу көркем жерлер – демалыс қана емес, бұл – тәрбие, үлкен сабақ емес пе?.. Міне, ұйымдастырушылардың арқасында балаларымыз бір жасап, сарқырама аясында болған әдемі көріністен үлкен әсер алып, осы бір күнді өмір бойы жүректерінде сақтап қалады деген ойда болдық.