ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛУ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛУ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ.
07
январь
2021

ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛУ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ.

ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛУ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ.

Жаңа жыл әлем бойынша бірдей қуанышқа толы керемет мерекелердің бірі болып келеді. Жаңа жыл мерекесі балғын 365 күн бере отырып, жарқын ертегі мен бақыт күтуге әкеледі. 

Жаңа жыл мерекесін 1700 жылы Ресейде 1-ші қаңтарда тойлау жайлы жарлық шығады, содан бері қазіргі 2021 жылға дейін тойлап келуде. 

Ендігі таңда, үлкен, не жас жандардың барлығы ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды күтіп алуға үлкен мән береді. Әрине, үстел әзірлеп, шыршаны сәндеу бәрімізге таныс тізімдегі шарттар, бірақ, біз жаңа жыл ең алдымен қалай басталуы тиіс екенін ұмытып кетпегеніміз абзал. 

«Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай оны өткізесің» - деген мақалға сүйене отырып, жаңа жыл мейрамы тек қана жарқын сезімдерге толы болуы керек екенін байқауға болады. Көңілін босатақан адамдар болса - кешірім сұра, өтелмей қалған қарыздар болса – кешіктірмей төле, жақын – туыс адамдарыңа рақмет айтып, ойыңды тек қана оң қасиеттерге толтыр. Сонда келесі жыл сенің өміріңді көбінесе жақсы жаңалықтар ғана толтырады. 

Жаңа жылды адамдар әр түрлі өткізеды : бірі үстелді түрлі тағамдарға жайнатып, үйдің барлық жерлерін безендірсе, енді бірі қарапайым өткізіп, аса қатты тырыспайды. Сонда да, жаңа жыл отбасымен және жақсы ниетпен қарсы алығаны жөн.

Алиева Перизат Ақанқызы 8 «а» сынып , 59 – мектеп-гимназия. 

Похожие публикации:

28 декабрь 2017 Жаңа жыл