«ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ» » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»
25
июнь
2022

«ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»

    «Бала деген- ғұмырың ғой арнайтын,
 Бала деген- бір бақыт қой аңсайтын» демекші, балалардың бақытты болашағы мен дендерінің саулығы үшін не істемейсің? Әрбір күнін көңілді етіп, дені сау, ойы сергек болуы үшін еңбек етіп, білім-білігіңді саласың. Бүгін Жазғы лагерь балалары мектеп жанындағы аллеяға барып, ойнап, жаттығулар жасап қайтты. Балалар үшін жасалған түрлі ойын алаңдары мен жаттығу үшін арналған спорттық құрылғылармен ойнап, жаттығулар жасап, бір марқайып қалды. Тәрбиеші мұғалімдері жас ерекшеліктеріне қарай балаларға жаттығулардың түрлерін көрсетіп, сақтық ережелерін түсіндіріп, біршама жұмыс істеді. Бұл іс-шаралар балаларға жақсы әсер етіп, жаттығу түрлерін үйреніп алды. «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» демекші, балаларды жаттығулар жасату арқылы спортқа үйретуде біздің мұғалімдер игілікті істер тындырды.