04
июнь
2022
"Мемлекеттік Рәміздер күні " аталып өтілді.
Бүгін Түрксіб ауданындағы Сауранбаев көшесі бойындағы Арбатта аудандық әкімшіліктің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік Рәміздер күніне" байланысты іс-шара өтті. Түрксіб ауданындағы білім, мәдениет, медицина және тағы басқа мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты марш өтіп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Біздің мектебіміздің мұғалімдері аталмыш іс-шараға белсене қатысып, ұйымдастырушылық ісіне атсалысты. Әнұранды хормен орындап, құттықтау сөздерін жеткізді.