Салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты.
13
май
2022

Салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты.

Бүгін біздің мектеп оқушылары Оқушылар сарайында өткен Республикалық «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты. Қаламыздың 8 ауданынан ең белсенді, озат әрі үлгілі мектеп оқушылары осынау бір ауқымды іс-шараға қатысып, ұйымның ережесіне сай ант қабылдап, үлкен әсерге бөленіп қайтты. Аталмыш шараға Алматы қаласы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымының қала бойынша төрағасы Бектаев Бауыржан Жаканұлы, «Оқушылар сарайының» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тагильцева Елена Дмитриевна және әр ауданнан ұйым өкілдері қатысып, оқушыларды ұйым мүшелігіне қабылдады. Салтанатты шара барысында Оқушылар сарайының «Арман» би ансамблі қазақ биін билеп, кештің көркін келтірсе, Нұрболат есімді әнші бала «Елім-ай» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ізгі шараны өткізген ұйымдастырушыларға ризашылық сезімімізді айта отырып, қабылдау рәсіміне қатысқан мектебіміздің үлгілі оқушылары Түгелбай Айдана (5 "А" сыныбы), Құдайбергенов Мансұр  (4 "Ә" сыныбы) және  Төлегенова Аяулымды (4 "Ә" сыныбы) осынау бір игі қадамдарымен құттықтап, елінің үлкен азаматы бола берулеріне тілектестік білдіреміз.