«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты кеші өтті. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты кеші өтті.
25
май
2022

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты кеші өтті.

           Бүгін мектеп алаңында «Соңғы қоңырау» салтанатты кеші өтті. Балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алған келесі бір топ түлектер мектеп бітіргендігі туралы куәліктерін алып, соңғы қоңыраудың үнін естіп, мектеп вальсін билеп, үлкен өмірге қадам басса, келесі мектеп оқушылары сыныптан сыныпқа көшіп, ақылдарына ақыл қосты. Салтанатты жиынды  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха жүргізіп, сценариге сай Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, мемлекеттік Ту ортаға әкелінді. «Шолпан жұлдыздары» бишілер тобы алаң ортасында «Гүлдер вальсін» мың бұрала билеп, салтанатты кештің көркін арттырды. Мектеп директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы жиынды ашу барысында жиналған қауымға құттықтау сөзін айтып, биылғы оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдер мен оқушыларды марапаттап, мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларға ізгі тілегін тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Торғанбеков Асан Ержанұлы өз кезегінде бұйрықпен таныстырды. Мектептің вокалды тобы «Мәңгілік ел – Қазақстан» әнін орындаса, бірінші сынып оқушылары мектеп бітіруші ағалары мен әпкелеріне тақпақтарын нақышына келтіре айтып, көңілдерін бір серпітіп тастады. Мектеп бітіруші түлектер рәсім бойынша оныншы сынып оқушыларына «Білім кілті» мен «Өнер кілтін» салтанатты түрде табыс етіп, мұғалімдер мен ата-аналар сенімін ақтауды, биіктен көріне берулеріне тілектестік білдірді. Соңғы қоңырау рәсімі, «Мектеп вальсі» жиналған көрермендердің көңілінен шығып, естеліктерге суреттерге түсіп, бірін-бірі құттықтап, мәз-мейрам болып жатты.