«ДИРЕКТОР КУБОГІ» ҮШІН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДИРЕКТОР КУБОГІ» ҮШІН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
26
май
2022

«ДИРЕКТОР КУБОГІ» ҮШІН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

        Жастар үшін спорт ойындарының ішіндегі ең қолайлысы, әрі қызыға ойнайтыны осы волейбол болса керек. Әрі бұл командалық ойын болған соң пайдасы өте көп. Жастардың бойында ізгі қасиеттердің қалыптасуына әсерін тигізіп жатады: коммуникативті дағды, жауапкершілік, біріге әрекет ету, көмек қолын созу, араласатын адамдардың санын арттыру және тағы басқалары дегендей. Сондықтан да біздің мектепте ұзақ жылдар бойы осы спорт түрі кең жолға қойылып, оқушылардың қызыға ойнауына, көбірек айналысуына жағдайлар жасалған.   

      Осы аптада «Салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы аясында 8-11 сынып оқушылары арасында волейболдан мектепішілік «Директор кубогі» үшін жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарыс жыл сайын ұйымдастырылып тұратын  игі іс-шаралардың бірі. Өте тартысты өткен сайыстың нәтижесінде 10 «Ә» сынып оқушыларынан құралған команда І орынға ие болса,  11 «А» сынып оқушылары ІІ орын, 10 «А» оқушылары ІІІ орынға жайғасты. Орын алған барлық командаларға арнайы кубоктар табыс етіліп,  ойыншылары медальдар мен грамоталармен марапатталды. Үздік өнер көрсеткен Қадір Ғамзат, Дана Базарова, Айбек Сабырханов, Сатыбалды Ерасыл, Қуаныш Тіленші деген оқушылар «Үздік ойыншы» деген арнайы грамоталарға ие болды. Игі шараны қолдаушы: мектеп директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы. Ұйымдастырушы: денешынықтыру пәні бірлестігі.