Хабарландыру! » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру!
06
октябрь
2021

Хабарландыру!

“Тұлға болам 2” сайысының шарттары мен ережелері.
Сайысқа қатысу тегін және оның үш кезеңі онлайн, финал офлайн күйінде (пандемияға байланысты шарттар өзгеруі мүмкін) болады. Қатысушылар бес топқа бөлінеді және әр топтың сыйлықтары әртүрлі: 
1-2 сынып, 1-3 орын iPad, 4-10 орын велосипед; 
3-4 сынып, 1-3 орын iPad, 4-10 орын велосипед; 
5-7 сынып, 1-3 орын MacBook, 4-10 орын велосипед; 
8-12 сынып, 1-3 орын Станбулға саяхат, 4-10 орын Apple watch; 
Ересектер 1-орын 500 мың тг, 2-орын 350 мың тг, 3-орын 250 мың тг, 4-10 орын ноутбук. 
Бұл жүлделер финалда ойнатылады, ал финалға қатысу үшін міндетті түрде бірінші кезеңнен бастап барлық кезеңге қатысып, үшінші кезеңде алғашқы 20 адам қатарында болу керек. 
Әр топтан 1-2 кезеңде алғашқы 30 орынға, үшінші кезеңде алғашқы 20 орынға 5000 тг-ден ақшалай жүлделер беріледі. 
Финалда әр топтан алғашқы болған 10 адамның жүлдесінен бөлек 3 кезеңге де қатысқандардың арасында кездейсоқ таңдау (рандом) арқылы қосымша жүлделер ойнатылады. Жүлделерді жеңу үшін әр кезеңнен кем дегенде 30% жинауы қажет. Кездейсоқ таңдау арқылы ойнатылатын жүлделер: Нұр-Сұлтан қаласынан 1 бөлмелі пәтер, iPhone 12, iPad (3 дана), Apple watch (5 дана), 20мың тг (5 дана), 10мың тг (5 дана). 
1-сыныптан бастап кез-келген жастағы адам сайысқа қатыса алады. 
Бәйгеге тіркелу үшін tulgabolam.kz сайтында, тіркелу бөлімінде. 
Бәйге 3 кезеңнен және финалдан тұрады, әр кезеңде әр топқа жас ерекшелігіне сәйкес кітап берілетін болады, яғни әр қатысушы бәйге біткенге дейін 3 кітап бітіреді. 

Ескерту: «Тұлға болам» бәйгесінде ай сайын жеңімпаздарға жеке сыйлықтар беріледі. Ал ең бағалы жүлделерді алу үшін міндетті түрде 1-тесттен бастап барлығына қатысу керек. 
 
Бәйгеге тіркелу 15.09.2021-12.10.2021 аралығында жалғасады. Тіркеуге үлгермегендер тестке қатыса береді, дегенмен жүлдеге іліге алмайды.
Бәйге жайлы қосымша мәліметтер біздің әлеуметтік желілерімізде жарияланатын болады, жіберіп алмау үшін міндетті түрде тіркеліңіз: 
Телеграм тобымыз: https://t.me/tulgabolam
https://www.instagram.com/p/CT4pNo8t2_m/?utm_=share_sheet