Оқушылар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды.
16
май
2022

Оқушылар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды.

           Өткен жұмада «Өнер біздің рухани әлеміміз» атты эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 5-сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, салауатты өмір салтын насихаттап, ер азаматтың бойындағы ізгі қасиеттерді таныстыруды, әрі қалыптастыруды мақсат еткен аталмыш байқау таныстыру, өнерлерін көрсету, сұрақ-жауап және күш атасын танымас секілді 4 кезеңнен тұрып, қатысушылар арасында нағыз бәсекелестікті тудыртты. 5 «Ә» сынып оқушылары Мәлікқызы Мадина мен Асқар Қарақат сайысты жүргізе отырып, барынша көңілді өтуіне атсалысты. Байқаудың қорытынды нәтижесінде Нұржан Азамат ең жоғары ұпай алып, бас жүлдеге ие болса, қалған сайыскерлер номинация бойынша марапаттар алды. Сайысты ұйымдастырған: музыка пәні мұғалімі Алибекова Л.Г.