Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1-СЫНЫПҚА КЕЛЕТІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
24
август
2022
1-СЫНЫПҚА КЕЛЕТІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
            Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалуына байланысты мектеп-гимназиямыздың медбикесі Аралбаева Гүлбаршын Қалимұратқызы биылғы 1-сыныпқа келетін оқушылардың Бала денсаулығы паспорты дайын болып, медициналық профилактикалық тексерулерден алдын-ала өтіп қоюлары тиіс екендігін ескертеді. 063 формасы, екпе түрлері болуы керек дейді. Баланың қанның анализі, зәрдің анализі, калдың анализі (соскоб),   эпид.ошақ таза деген анықтама қағазы болулары керек екендігін хабарлайды. Осыған
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ:
22
август
2022
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ:
№59 мектеп-гимназиясыны ң  « Мектепке жол »  акциясы бойынша бірінші 10 күндікте атқарылған жұмыстардың есебі: 01.02.2022ж. «Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық» ұранымен кезекті акциямыздың бұйрығы мен жоспары жасалынып, бекітілді. Сайттар мен парақшаларға «Мектепке жол» акциясы жайында мәлімет алып, немесе көмек сұраймын деушілер үшін  хабарландырулар жарияланды. Сілтеме: https://www.facebook.com/groups/255297775548955/posts/729926381419423/ Мектеп қабырғасына стенд жасалынып, ілінді.
АҢСАРДЫҢ ШАРМ-ЭЛЬ-ШЕЙХТЕГІ ДЕМАЛЫСЫ
20
август
2022
АҢСАРДЫҢ ШАРМ-ЭЛЬ-ШЕЙХТЕГІ ДЕМАЛЫСЫ
        Мектебіміздің 2 «А» сынып оқушысы (сынып жетекшісі: Назира Бекқызы) Келжан Аңсар Сержанұлы Мысыр еліне отбасымен саяхаттап,  Шарм-эль-Шейхтегі қызықты күндерімен бөлісіп, фотосуреттері мен бейнероликтерін жіберген болатын. Мысыр – тарихи-мәдени орындарға бай, әлемге танымал демалыс орындарымен аты шыққан ежелгі мемлекет қой Оқушымыздың осынау елге саяхаттап, қуанышты сәттерін, бізбен бөліскісі келген қызықты суреттерін қабыл алып, баланың қуанышына ортақтасу мақсатында жариялап отырмыз.
«ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
18
август
2022
«ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
Үстіміздегі аптада Абай облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXІІІ республикалық Абай оқулары өтті. Абай оқуларына қатысушылар алты бөлім бойынша сайысқа түсті: 1️ . « Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»-Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы; 2️ . « Абайдың қара сөздері» - Абайдың қара сөздерін оқу конкурсы; 3️ . « Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы
1978 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР КЕЛІП КЕТТІ.
17
август
2022
1978 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР КЕЛІП КЕТТІ.
         Мектебімізге қонақ болып 1978 жылғы түлектер келіп кетті. Сыздыков Бахыт Нығметұлы мен Сеитова Нұржамал Каниқызы есімді мектеп түлектері 44 жыл бұрын оқып (ол кезде №46 мектеп-интернат болатын), 1978 жылы мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқан болатын. Бахыт Нығметұлы ұзақ жылдар бойы құқық қорғау, прокуратура саласында қызмет жасап, еңбек етті. Нұржамал Каниқызы болса, әр салада қызмет жасап, еліне адал еңбек сіңірді. Бүгінде бұл түлектер қызмет бабымен жүрсе де мектепке
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗҒА ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ
15
август
2022
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗҒА ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ
       Бүгін «Абай оқулары» конкурсының республикалық кезеңі басталды. Алматы қаласынан 6 оқушы қатысып, 6 номинация бойынша бақтарын сынасатын болады.   Ережеге сәйкес, «Абай оқулары» байқауының Республикалық қорытынды кезеңіне аудандық, қалалық (облыстық) кезеңінен жоғары ұпай алып, үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз оқушылар ғана қатыса алады.  Қазірде бұл конкурсқа еліміздің ең талапты дейтіндей 120-дан астам оқушы қатысады деп хабарлануда. Ауқымды шараның салтанатты ашылу рәсімі 15 тамыз күні
Кәсіби біліктілікті арттырып, сертификатқа ие болды.
13
август
2022
Кәсіби біліктілікті арттырып, сертификатқа ие болды.
           Үстіміздегі аптада қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерсариев Медет Ермағанбетұлы Шоқан Уәлиханов мектебіндегі Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жас мұғалімдеріне арналған кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Шебер ұстаз жолымен» білім беру форумында 8 академиялық сағатты сәтті өтіп, сертификатқа ие болды. 
Цифрлық сауаттылық бойынша онлайн курстан өтті.
12
август
2022
Цифрлық сауаттылық бойынша онлайн курстан өтті.
             Осы аптада мектеп мұғалімдері цифрлық сауаттылық негіздері бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру онлайн-курсынан өтті. 
МЕКТЕПТЕР РЕЙТИНГІСІНДЕ 3-ОРЫН
05
август
2022
МЕКТЕПТЕР РЕЙТИНГІСІНДЕ 3-ОРЫН
Жақында Алматы қаласының Білім басқармасы 2022 жылдың үздік нәтиже көрсеткен мемлекеттік мектептер рейтингісін жариялады. Аталмыш рейтингте №59 мектеп-гимназия 3-ші орынға жайғасып, үздіктердің қатарынан көрінді. Бұл әрине, үлкен қуаныш, зор жетістік деуге болады. Түрксіб ауданының абырой-беделін көтеріп, ұзақ жылдар бойы білім беру жүйесінде жемісті еңбек етіп келе жатқан 59 мектеп-гимназия бұл жолы да сол биігінен түспей, өзіндік мәртебесін сақтап қала алды. Қаладағы ең мықты дейтіндей 12-ші,
САЯХАТТАҒЫ ӘСЕРЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ.
04
август
2022
САЯХАТТАҒЫ ӘСЕРЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ.
        Жазғы демалыс уақытында мектебіміздің ұл-қыздары Қазақстанның көптеген көрікті жерлерін аралап, саяхаттап қайтты. Алакөл, Бұрабай, Алма-Арасан және тағы басқа сұлу да ғажап жерлерінде демалып, отбасы, ата-аналарымен қызықтап қайтты. 8 «Б» сынып оқушылары Сейілхан Бағым, Абылхақ Іңкәр Алакөлдегі суреттерін жіберіп, сәлемдерін жолдаса, өзге оқушылар Алма-Арасан тау шатқалдарынан, сарқырамалардан қуаныштарын жеткізіп жатты. Біз де балаларымыздың қуанышты саяхаттарын қызықтап, сәлемдеріне