Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АИТВ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.
03
ноябрь
2022

АИТВ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.

      «Адамның иммундық тапшылық вирусы» (ВИЧ) тақырыбы кімге болмасын, қызықты, маңызды және өте қажет. Өйткені соңғы отыз жылда біздің қоғамды ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығын мазалап отырған бұл өткір мәселе әлі де өзінің нақты шешімін таппай келеді. Жыл сайын осы дертке шалдығып, өміріне балта шапқан қаншама адамдар  қиын жағдайға тап болуда. Қазақстанның өзінде қазіргі уақытта АИТВ вирусын жұқтырғандар саны 45707 адамды құрайды. Бұл сан жыл сайын көбеймесе, азаятын түрі жоқ. Міне, осы мәселеге қатысты кеше мектебімізге Алматы қаласының СПИД орталығынан арнайы маман келіп, мұғалімдерге семинар өткізді. Бүгінгі елімізде қалыптасқан жағдай туралы мәліметтермен бөлісіп, ауруды алдын-алу туралы шараларды ортаға салды. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде бұл қатерлі вирус туралы оқушыларға кеңінен түсіндіріп отыру керектігін айтты.