Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » НАИБ ИМАММЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
19
май
2022

НАИБ ИМАММЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

              Имандылыққа тәрбиелеп, жастардың бойында діни сауаттылықты қалыптастыру- білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Жастарды дұрыс жолға бағыттап, ішкі рухани сұранысын қанағаттандырып отыру, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін, сауапты іс пен күнәлі әрекеттердің айырмасын түсіндіру қазіргі уақытта аса қажет. Әсіресе, қоғамда белең алып бара жатқан өзіне өзі қол жұмсау, теріс ағымға түсу секілді зиянды қадамдар мен келеңсіз әрекеттерді алдын алуда қоғам болып күресуді қажет етеді. Сондықтан да  оқушыларға мектеп қабырғасынан бастап осы тақырыптарға тәрбие сағаттарын өткізіп, арнайы мамандармен кездесуді ұйымдастырып отырудың мән-маңызы айырықша. 

            Осыған орай бүгін мектебімізде «Ынтымақ – 1» мешітінің наиб имамы Сапарбек Абылай Асқатұлымен 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу ұйымдастырылды. Негізгі тақырып имандылық, мұсылманның міндеттері, теріс ағым секілді мәселелердің төңірегінде болған соң, әңгіме осы бағытта өрбіді. Бір сағатқа шақталған кездесу барысында оқушылар өздерін мазалап жатқан сұрақтарын қойып, намаз, ораза тұту, садақа берудің пайдасы туралы білімдерін кеңейтіп, біраз мағлұматтарға ие болды. Кездесу соңында мешіттің наиб имамы мектеп бітіретін түлектерге сәттілік тілеп, дін маманы болу үшін қандай оқу орындарына  түсуге болатындығына кеңестер берді.