Ақпарат » Страница 12 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
БҮГІН МЕКТЕПТЕ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.
01
июнь
2023
БҮГІН МЕКТЕПТЕ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ.
     Бүгін мектепте «Соңғы қоңырау» салтанатты кеші өтті.  Биылғы салтанатты кеш жылдағы дәстүр бойынша 25 мамырда емес, 1 маусымға ауыстырылып, «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға 4, 9, 11 сынып оқушылары қатысып, үлкен мерекелік шараның куәсі болды. Балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алған түлектер мектеп оқушылары ретінде бүгін соңғы рет қоңыраудың сыңғырын естіп, ерекше әсерге бөленсе, келесі мектеп оқушылары сыныптан сыныпқа көшіп,
САБАҚТАР ЖОСПАР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ
29
май
2023
САБАҚТАР ЖОСПАР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ
     Биылғы оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылған соң біздің мектебімізде сабақтар жоспарға сай өтіп, рет-ретімен жүріп жатыр. Пән мұғалімдері оқушыларға жыл бойы өтілген тақырыптарды қайта қорытындылап, бөлім-бөлімдерді пысықтап, оқу жоспарына сай сабақтарды жүргізуде. Бүгін – дүйсенбі. Оқу жылының соңғы аптасы. Жақсы қарқынмен басталған оқу жылы үлкен табыстармен аяқталып, жақсы нәтижелермен аяқталады деп үміт етудеміз. Алдағы мемлекеттік емтихан тапсыратын оқушыларымызға сәттілік тілеп,
ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
26
май
2023
ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
      5 маусымнан бастап мектебімізде бастауыш сыныптар үшін «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастайтын болады. Сағат 9-00-ден 12-30-ға дейін ұйымдастырылатын лагерь маусымның 30-на дейін жалғасып, балалардың игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Балалардың жазғы демалысының алғашқы кезеңдерін пайдалы етіп өткізу мақсатында ұйымдастырылып отырған лагерь түрлі сауықтыру шараларын өткізіп, саяхаттарға барып, пайдалы істермен айналысуына барынша мүмкіндіктер жасалады деп жоспарлануда.
ТЕСТ ЖҰМЫСТАРЫ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ҚОРҒАЛАТЫН БОЛДЫ.
19
май
2023
ТЕСТ ЖҰМЫСТАРЫ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ҚОРҒАЛАТЫН БОЛДЫ.
    Біздің мектебіміздің биология пәні мұғалімі, кәсіби педагог Ибраимова Бақыт Тасболатқызының пән бойынша жасаған тест сұрақтары авторлық құқық бойынша қорғалатын болды. Ол туралы жақында «Ұлттық зияткерлік меншік институтынан» авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы №35935 номерлі куәлігі берілгендігі туралы белгілі болды. Үнемі ұстаздық қызметін ғылыми жұмыстармен ұштастыра отырып, еңбек етіп жүретін әріптесіміз көптеген
ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.
19
май
2023
ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.
     Бүгін мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха апай «Алматы Дарыны» орталығы ұйымдастырған қалалық байқауға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құтты болсын дейміз.  «Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымының үздік моделі» тақырыбында өткен байқауға қаланың барлық ауданынан үміткерлер қатысып, өзара бақтарын сынасты. Біздің апайымыздың ұсынған жобасы нәтижесінде үздік болып шығып, әрі оны қорғаудағы шеберлігі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие
ЖАЗУШЫМЕН КЕЗДЕСТІ.
11
май
2023
ЖАЗУШЫМЕН КЕЗДЕСТІ.
Бүгін біздің мектебіміздің 5 және 6 сынып оқушылары (сынып жетекшілері- Оспанова Гүлжан және Гульзина Бақытқызы) Түрксіб ауданындағы №1 балалар кітапханасына барып, белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Байқоңыр сыйлықтарының лауреаты, бұрынғы КСРО Ғылым академиясы құрамындағы Бүкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамының толық  мүшесі  - Жүніс (Сахиев) Сақұрпағымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында жазушы балалармен өз естеліктерімен бөлісіп, көптеген рухани әңгімелер
АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.
10
май
2023
АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.
     Бүгін 9 мамыр Жеңіс күніне орай мектебіміздің оқушылары, "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері және мұғалімдер Түрксіб ауданының байырғы тұрғыны, тыл ардагері Крючкова Надежда Егоровнаның үйіне барып, құрмет көрсетіп қайтты. 90 жасқа келіп қалған ардагер оқушыларымыз бен мұғалімдердің келгеніне қуанып, көңілі бір көтеріліп қалды. Әріптесіміз Фарида Тохтахунқызы Надежда Егоровнаға жылы сөздер айтып, сұрапыл жылдарда жас болсаңыз да жеңіс күнін жақындатудағы ерен еңбектеріңіз бүгінгі ұрпаққа
ХАБАРЛАНДЫРУ!
05
май
2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Оқушылар мен педагогтер, ата-аналар назарына! 2022-2023 оқу жылының 4-тоқсанында жиынтық бағалауы бар пәндер бойынша 2-11-сыныптарға арналған ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) өткізу кестесі.  Тоқсандық жиынтық бағалау 22-26.05.2023 аралығында (қоса алғанда) өткізіледі. Кестені kundelik.kz электронды журналдағы мектеп парақшасынан да көре аласыздар. 
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТҚА ҚАТЫСТЫ.
04
май
2023
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТҚА ҚАТЫСТЫ.
     Бүгін мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары барша қазақстандықтарға арналған  «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық іс-шараға қатысып, диктант жазды. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеп, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеуді мақсат еткен аталмыш диктантқа 8-11 –сыныптан – 308 оқушы, 17 педагог қатысып, ізгілікті іс-шараға атсалысты. «Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз. Көк байрағымыз желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі
ТҮРГЕН ШАТҚАЛЫНА САЯХАТ
30
апрель
2023
ТҮРГЕН ШАТҚАЛЫНА САЯХАТ
    Кеше мектебіміздің 7 «Г» сынып оқушылары Алматының ең көрікті жерлерінің бірі – Түрген шатқалына саяхаттап қайтты. Сынып жетекшісі Максимова Фарида Тохтахунқызы көктемнің ең бір сәтті күнін пайдаланып, оқушылардың басын қосып, 4-5 ата-ананы қасына ертіп, еліміздің ең көрікті жерлерінің бірін аралатып қайтты. Сыныптағы 25 бала түгел жиналып, жоғары бір көңіл-күймен, әндетіп, билеп, автобуспен «Түрген, қайдасың?» деп Есік қаласына қарай тартып кеткен еді. Сөйтіп кешке дейін қыдырып, Аюлы