Аудандық байқау өткізілді
Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында “Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі” байқауының аудандық кезеңі 31 қаңтар күні өткізілді. Келіп түскен өтінімдер мен байқау жұмыстары іріктеліп, аудандық кезеңге 10 командалық жұмыс өтті. Аудандық кезең қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, мақтау грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Біздің мектеп командасы 1-орын иеленді.