Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-11 сынып қыздары арасында жиналыс өткізілді.
18
февраль
2026

8-11 сынып қыздары арасында жиналыс өткізілді.

«Қыздар арасында қауіпсіз және мәдениетті орта қалыптастыру. Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» тақырыптарында мектеп әкімшілігі, ДТЖЖО Дариха Кыпшакова, мектеп психологі Майра Даурбаева, Түрксіб аудандық ЮПБ ПУИ полция майоры Омишева Куаныш Нурдаулетовна аға инспектор ОБЗБН Қалиева Манат Маратқызының және С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина универститетінің 6 курс студенттері №9 қалалық емхана мамандары, мектеп медбикесінің қатысуымен 8-11 сынып қыздары арасында жиналыс өткізілді.
 Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға жеке қауіпсіздік, жеке шекара ұғымы, жыныстық тиіспеушіліктің түрлері және оның алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
 Жиналыс барысында қыздарға жыныстық тиіспеушіліктің физикалық, психологиялық және онлайн түрлері туралы ақпарат берілді. Қауіпті жағдайларда өзін-өзі қорғау, сенімді түрде «жоқ» деп айту, сенімді ересектерге жүгіну жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, мектепішілік қауіпсіз орта қалыптастыру, өзара сыйластық пен қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
 Қатысушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін білдірді. Тақырып бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылып, түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
 Жауапты ДТЖЖО Кыпшакова Д.








Похожие публикации: