Мемлекеттік грант иегерлерін құттықтаймыз! » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік грант иегерлерін құттықтаймыз!
05
август
2023

Мемлекеттік грант иегерлерін құттықтаймыз!

Мемлекеттік грант иегерлерін құттықтаймыз!

2022-2023 оқу жылының нәтижесінің соңғы нүктесін қоятын меже – ЖОО-на түсу болса, сол межеге мемлекеттік грант иегері болып аяқ басу қуанышты сәт. Биылғы оқу жылында мектепті аяқтаған 11-сыныптағы 60 оқушының 57-сі ҰБТ тапсырып, оның 34-і мемлекеттік грант иегері атанды. 

Оның ішінде:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 11 түлек;

Нархоз Университеті – 5 түлек;

Қазақ Британ техникалық университеті – түлек;

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – 3 түлек;

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 3 түлек;

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 2 түлек;

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 2 түлек;

Сонымен қатар, 4 түлек – Сүлеймен Демирал Университеті мен Семей медициналық университетінің, Логистикалық және көлік академиясының, Халықаралық білім беру корпорациясының грантын иеленді. Мектеп абыройын асқақтатқан барша жеңімпаздарды құттықтай отырып, мықты да білікті маман иесі болуына сенім білдіреміз.

Сәт сапар, құрметті студенттер!