«АЙГӨЛЕК» ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АЙГӨЛЕК» ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.
05
июнь
2023

«АЙГӨЛЕК» ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

     Бүгіннен бастап мектебімізде мектепішілік «Айгөлек» лагері өз жұмысын бастады. Азанда бастауыш мектепте лагердің ашылуы болып, балалар таңертеңгілік жаттығулар жасап, арнайы дайындалып көркемделген сынып-сыныптарға жайғасты. Бес топтан тұратын «Айгөлек» лагері енді 5-і мен 16 маусым аралығында 9-00-ден бастап, түскі 15-00-ге дейін оқушыларға барынша қызмет жасап, пайдалы әрі көңілді істермен айналысып, саяхаттарға шығып, саябақтарды аралау шаралары ұйымдастырылып тұратын болады. Бір мезгіл ыстық тамақ ішіп, түрлі ойындар ойнап, балалардың физиологиялық тұрғыда, әрі рухани бағытта есейіп баюына мүмкіндіктер жасалады. Бүгінгі лагердің ашылуы жақсы өтіп, көңілді әсерлермен басталды. Енді лагерде жұмыс істеп, балалардың игілігі үшін қызмет жасайтын қызметкерлер мен педагогтарға іске сәт дейміз.