«АҒЫЛШЫН ӘЛЕМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢ!» » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АҒЫЛШЫН ӘЛЕМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢ!»
17
апрель
2023

«АҒЫЛШЫН ӘЛЕМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢ!»

     Бүгін «Ағылшын әлеміне қош келдің!» деген тақырыппен ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті. Онкүндік керемет көрмемен ашылып, топтарға бейнеролик таратылып, қоңырау арасында оқушыларға түрлі сұрақтар қойылып, ойындар ұйымдастырылып, фотосуреттерге түсіп, жақсы көңіл-күймен басталды. Мінезі мен ұстанымы бөлек, жылы, көңілді ахуал қалыптастыруға ұйытқы болып жүретін ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің іс-шаралары да өзгеше, ұйымдастырушылық тәсілі де бөлек болып жататын жайы бар. Әрдайым жаңашылдық пен тосын сый жасауға құмар болып жүретін пән мұғалімдері енді он күн бойы түрлі іс-шаралар мен ашық сабақтар өткізіп, игі істерге мұрындық болмақ. Іске сәт дейміз. Үлкен қарқынмен басталған онкүндік үлкен табыстармен аяқталып, жақсы көңіл-күймен өтеді деген ойдамыз.