ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ! » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
26
май
2023

ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

      5 маусымнан бастап мектебімізде бастауыш сыныптар үшін «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастайтын болады. Сағат 9-00-ден 12-30-ға дейін ұйымдастырылатын лагерь маусымның 30-на дейін жалғасып, балалардың игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Балалардың жазғы демалысының алғашқы кезеңдерін пайдалы етіп өткізу мақсатында ұйымдастырылып отырған лагерь түрлі сауықтыру шараларын өткізіп, саяхаттарға барып, пайдалы істермен айналысуына барынша мүмкіндіктер жасалады деп жоспарлануда. Мектептің кәсіби педагогтары мен білікті мамандары арнайы айналысып, жазғы демалысын көңілді өткізуіне еңбек етпек. Сондықтан да, құрметті ата-аналар, балаларыңызды жазғы лагерге беріп, дені сау, ойы сергек, достарымен бірге жазғы демалыс күндерін көңілді, әрі пайдалы етіп өткізуіне мұрындық болыңыздар.