03
июнь
2023
«МЕДЕУ» МҰЗ АЙДЫНЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ.
Бүгін «Медеу» мұз айдынының алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш шараға мектебіміздің мұғалімдері қатысып, бір уақытта ҚР Гимнін, «Көк тудың желбірегені» және «Атамекен» әндерін орындап, игілікті іске атсалысты. Шараға мұғалімдермен бірге қаламыздың белсенді жастары мен әртүрлі ұлт өкілдері қатысып, патриоттық әндерді шырқата орындады. Бұл да бір ерекше әсер болды. Ұмытылмастай күн болып қалды.
Еске сала кетсек, маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып саналады. 1992 жылдан бастап аталып келе жатқан бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны – дүниеге келген күн ретінде есте қалады.





