29
май
2023
САБАҚТАР ЖОСПАР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Биылғы оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылған соң біздің мектебімізде сабақтар жоспарға сай өтіп, рет-ретімен жүріп жатыр. Пән мұғалімдері оқушыларға жыл бойы өтілген тақырыптарды қайта қорытындылап, бөлім-бөлімдерді пысықтап, оқу жоспарына сай сабақтарды жүргізуде. Бүгін – дүйсенбі. Оқу жылының соңғы аптасы. Жақсы қарқынмен басталған оқу жылы үлкен табыстармен аяқталып, жақсы нәтижелермен аяқталады деп үміт етудеміз. Алдағы мемлекеттік емтихан тапсыратын оқушыларымызға сәттілік тілеп, ойдағыдай тапсырсын деген тілек білдіреміз.
