ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
20
апрель
2023

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

     Бүгін Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді. Сағат 11-00-де қала бойынша дабыл қағылып, мектебіміздің барлық оқушылары мен мұғалімдері қауіпсіз аймаққа шығарылды. Аталмыш сейсмикалық жаттығулар жер сілкінісі кезінде, дейін және кейін оқушылардың   дұрыс шешім қабылдап, дайындығын арттыру, эвакуациялық шараларға дағдыландыруды мақсат ететін игі іс-шара. Алматы қаласы негізінде сейсмикалық қауіпті аймақ болғандықтан мұндай жаттығулар мемлекеттік мекемелер мен мектептерде ара-тұра өткізіліп тұрады. Бүгінгі жаттығу барысында штаб бастығының орынбасары Әлімжан Дархан Мұхитұлына сынып жетекшілері есеп беріп, қанша оқушылардың қатысып отырғандығы туралы айтып берді.  Мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, полковник Байсинов Асылхан сап түзеген оқушыларға бұл сейсмикалық жаттығудың мән-маңызы мен пайдасын түсіндірді. Жалпы аталмыш іс-шараға оқушыларымыз белсене қатысып, нұсқаулықтарды дер кезінде орындап, жаттығулардың сәтті өтуіне атсалысты.