Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ.
02
декабрь
2022

СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ.

       Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00-де қала бойынша дабыл қағылып, мектебіміздегі барлық оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіз аймаққа шығарылды. Бұл жердегі басты мақсат- оқушылар мен мұғалімдердің жер сілкінісі кезінде, дейін және кейін дұрыс әрекетке дайындығын арттыру, эвакуациялық шараларға дағдыландыру. Алматы қаласы негізінде сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан мұндай жаттығулар мемлекеттік мекемелер мен мектептерде ара-тұра өткізіліп тұрады. Бұл қауіп-қатерге дайын болуды, кез келген апатты жағдай туындағанда бірден іс-әрекетке көшуді үйретеді. Бүгінгі жаттығу барысында мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, полковник Байсинов Асылхан сап түзеген қалыпта мектеп басшысына оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіз аймаққа жиналғандығы туралы есеп беріп, жиналған көпшілік алдында бұл сейсмикалық жаттығудың мән-маңызы мен пайдасын түсіндіріп берді. Жалпы аталмыш жаттығу сәтті өтіп, белгіленген уақыт бойынша жүзеге асырылды.