05
апрель
2023
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ БАҚ СЫНАДЫ.
Бүгін республикалық ғылыми жобалар конкурсының 2-күні басталды. Алдын-ала бекітілген бағдарламаға сәйкес бұл күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша жұмыстарды тыңдау басталды.
Конкурстың биылғы жылғы талаптарына сәйкес қорғау қашықтықтан ұйымдастырылып, біздің мектептің 11-сынып оқушылары Умирзакова Малика мен Кантарбаева Арайлым Алматы қаласының атынан “Қоршаған ортаны қорғау” секциясы бойынша биология пәнінен жасаған жобаларын қорытынды кезеңде қазыларға таныстырды.
Жоба: “ҚҰРАМЫНДА ПЕКТИНІ БАР НАН ӨНІМДЕРІН ЗЕРТТЕУ” тақырыбында қорғалды. Жоба жетекшісі - биология пәні мұғалімі Ибраимова Бакыт Тасболатовна.



