«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1-11 сыныптар
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізілді Білім беру ұйымында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары қатысты. Сынып сағаты барысында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, жаңашылдыққа ұмтылу, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру мәселелері талқыланды.