БІЗДІҢ БАЛАЛАР КІТАПХАНАҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Версия для
слабовидиящих
» » БІЗДІҢ БАЛАЛАР КІТАПХАНАҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
23
июнь
2022

БІЗДІҢ БАЛАЛАР КІТАПХАНАҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.

           Кітапхана – бұл білім ордасы, мәдени-ағартушылық мекеме. Балалар мен жасөспірімдердің ғана емес, жалпы кез келген азаматтардың рухани толысып, білім-ілімін ұштайтын, керекті мәліметтерін алатын ең бір қолайлы жер. Кітапхананың негізінде өзіндік қалыптасқан рухани қуаты, тылсым күші болады. Ол жерге барған кез келген оқырман, жасөспірім осы бір қуатты сезініп, айырықша әсерге ие болатыны бар. Сондықтан да кітапханаға деген дұрыс көзқарасты қалыптастырып, балалардың жиі келіп тұруына мүмкіндік туғызу тәрбиеші мұғалімдер үшін өте маңызды нәрсе. Біздің Түрксіб ауданындағы №1 балалар кітапханасы көп жылдар бойы оқушыларға қалтқысыз қызмет жасап келе жатқан бірден-бір ағартушылық мекеме. Бұл мекеме аудан мектептерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, бала тәрбиесі мен білім-білігін ұштау ісінде көптеген жұмыстар атқарып келеді. Жақында біздің Жазғы лагерь балалары осы кітапханаға барып, көптеген кітаптармен танысып, танымдық фильмдер көріп қайтты. Кітапханашы апайларымен көңілді әңгіме өткізіп, жақсы әсерге бөленді. Жиі-жиі келіп тұруға уәде берді.