БІЗДІҢ БАЛАЛАР ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНДА » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Версия для
слабовидиящих
» » БІЗДІҢ БАЛАЛАР ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНДА
07
июнь
2022

БІЗДІҢ БАЛАЛАР ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНДА

        Бүгін біздің Жазғы лагерьдегі балаларымыз Хайуанаттар бағына саяхаттап қайтты. Бұл күнді асыға күткен жас жеткіншектеріміз барсақ, көрсек деген ізгі тілектеріне бүгін міне жетіп, қуаныштарында шек болмай, мәз-мейрам болып қайтты. Игі істі қолға алып, балалардың аман-есен, көңілді барып қайтуына жауапты жетекші мұғалімдері де бұл жұмысты ойдағыдай атқаруына барын салып, пайдалы, қызықты өтуіне мән берді. Жалпы 85 жылдық тарихы бар Хайуанаттар бағында аң-құстардың 500-ден астам түрлері тіршілік етеді екен. Балалардың танымдық, аяушылық, жанашырлық секілді қасиеттерін дамытуға игі әсері де мол. Сондықтан да бұл саяхат түрі қай жағынан алып қарасақ та, пайдалы, қызықты. Тірі табиғаттағы құстар мен аңдарды көруге құмар келетін балалардың осы бір қызығушылықтарын ескере білген жетекші мұғалімдері бала тәрбиесіндегі маңызды бір міндетті атқарып, бүгін ауқымды ізгі шараны ойдағыдай атқара алды. Балалар үшін ұмытылмастай күн сыйлай білді.