ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ОҚУШЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Версия для
слабовидиящих
» » ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ОҚУШЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ.
06
июнь
2022

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ОҚУШЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ.

          Бүгін мектеп алаңында Мемлекеттік Рәміздер күнін атап өту үшін Жазғы лагерь жетекшілері мен оқушылары «Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізді. Әнұранды салтанатты түрде орындаумен басталған іс-шараны мектеп мұғалімдері Сейткулова Балнұр мен Ташбаева Олтиной жүргізіп, ел Рәміздері туралы біраз ақпараттарды айтып, мән-маңызын түсіндіріп берді. Жазғы лагерь балалары іс-шараға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. «Балауса» тобынан Жолдасбек Томирис «Белес» биін билеп, көрерменді тәнті етсе, осы топтың тағы бір Мейірғалиқызы Гүлдерай деген талантты бишісі «Елігай» биін билеп, қызықтырып жіберді. «Балапан» тобынан Олжас Абайхан «Жаным, қазақ!»  деген әнді құштарлана орындаса, аталмыш топтың балалары мен жетекшілері патриоттық «Алға, Қазақстанды» айтып, флешмоб секілді өнерлерін көрсетті. Қызықты, көңілді, әрі балалардың патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған іс-шара жоғары деңгейде өтіп, жақсы көңіл-күймен аяқталды.