Тамақтандыру сапасын бақылау комиссиясының 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айындағы бақылау есебі » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтандыру сапасын бақылау комиссиясының 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айындағы бақылау есебі
30
сентябрь
2021

Тамақтандыру сапасын бақылау комиссиясының 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айындағы бақылау есебі

№59 мектеп-гимназиясында тамақтандыруды 2020 жылғы «Алматы қаласы Білім Басқармасының білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша,көрсетілетін қызмет берушілерді таңдау» конкурсының жеңімпазы «Байгонов Даулет Оразханович» ұйымдастырады. Конкурс қорытындысы туралы хаттама 25.02.2019ж

№ 59 мектеп-гимназиясында 90 орынға арналған асханасы жаңадан соғылып, 2013 жылдың наурыз айында қолданысқа беріліп, желтоқсанда жаңа асханалық құрылғылармен қамтамасыз етілді.

Ас дайындау құрылғыларын, столдар мен өзге де құрал -жабдықтарды, ыдыстарды дезинфекциялау мен жуу санитарлық- гигиеналық талаптарды толық сақтай отырып жүзеге асады.

№59 мектеп-гимназия бойынша ыстық және буфеттік тамақтардың сапасын тексеру,бақылау,қадағалау мақсатында 31.08.2021ж №115 бұйрыққа сәйкес төмендегі құрамда комиссия құрылды:

Комиссия төрайымы: Қасымова А.Т Мүшелері:

Кыпшакова Д.-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аралбаева Г. -мектеп медбикесі

Айбосинова П.А – әлеуметтік педагог Тұрсынбай Г.Е – мектеп психологы

2021 жылдың 1-30 Қыркүйек аралығында комиссия мониторингтік бақылау жасады:

  •  тамақ сапасын бақылау мақсатында комиссия күнделікті дайын тамақтан бракераж алып отырды, дайын ыстық тағамдар мен аспаздық (кулинарных) тағамдардың пісу деңгейі тексерілді, барлық уақытта дәмі, иісі, құрамы нормаға сай болды және ол туралы бракераждық журналға жазылды.
  • Тағамдардың бекітілген менюге сәйкестігі мен мөлшері бақыланды;
  • Мектеп медбикесі асхана қызметкерлерін күнделікті тексеріп терінің іріңдеу, тұмау, ангина сияқты аурулары бар-жоғын анықтап, қызметкерлерді жұмысқа жіберуге рұқсат етуді тіркеу журналына тіркеп отырды;

Осы аралықта асхана жұмысында ешқандай ескертулер болған жоқ. Ақылы тамақты қамтамасыз ету үшін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес түрлі ас мәзірі даярланған. Буфеттік өнім сапалы және әрқашан жаңа пісіріледі.

2021 жылдың қыркүйек айында 74 оқушы жалпыға бірдей оқуға қамту қоры есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тегін және ақылы ыстық тамақтың орташа бағасы 1-4 сыныптар-547,57 теңге

5-8 сыныптар-614,97 теңге


 

9-11 сыныптар-667,33 теңге


Қалған оқушылар мектеп асханасынан буфеттік өнімдермен қамтамасыз етілген. Буфеттік бір өнімнің орташа бағасы 150-200 теңге.


Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру қамтамасыз етудегі мақсат:

  • Оқушылардың     денсаулығын сақтау;
  •     Құнарлылығы     мен мөлшері ескерілген толық қанды      сапалы ыстық тағаммен қамтамасыз ету;
  • Тамақтану     мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет ету     дағдысын қалыптастыру;

Есеп беру айлығы барысында аталған мақсаттар толықтай жүзеге асты. Тамақ сапасын мониторингтеу комиссиясы қызметі келешекте де өз жалғасын таппақ.


Комиссия төрайымы: Қасымова А.Т Мүшелері:

Кыпшакова Д.-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аралбаева Г. -мектеп медбикесі

Айбосинова П.А – әлеуметтік педагог Тұрсынбай Г.Е – мектеп псих